Киноиндустриядағы тырнақалды туындысын таныстырған Төреғалидың командасы, су жаңа фильмнің баспасөз-мәжілісінде тағы да шу шығарды. Бұл жолы «Ұлы дала баласының» өзі емес, әкесі ашуға берілген.
Төреғалидың ұжымын әуре-сарсаңға салған оқиға - «Ұлы дала» комедиясының» жабық көрсетілімінде болды. БАҚ өкілдерінің кез-келген сауалына тас-түйін дайын екенін жеткізген Төреш, журналистердің қарсы алдына сенімді жайғасқан еді. Бірақ хитменге қойылған сұрақтардың кейбірі әкесіне жақпай қалса керек...
Төреәлі Төлепов, продюсер:
-Неге Төреғалиден қайта-қайта сұрап жатырсың? Неге «қадалған жерден қан алайын» деп тұрсың?!
Иә, продюсерлер әр сауалды осылай бағып отырады. Мәселен, Жұлдыз Өмірғалиға Айқын өнерде жетекшілік етпесе де, «Кешьюдің» экс-әншісі өмірде отағасына бағынады. Сондықтан болар, сұхбат сәттерінде жұбайына жиі жәутеңдейді.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Білмеймін, қазір айтсам Айқын ренжіп қала ма, ренжіп қалмай ма білмеймін...
Айқыннан Жұлдыз жайлы сұрасаң, мардымды жауап ала алмайсың!
Айқын Төлепберген, әнші:
-Болды, все, ол сұрақ керек емес. Ол сұрақ керек емес. Иә, керек емес! Да, дальше...!
Иә, танымалдылықтың табысынан бөлек, кейде камера алдында келеңсіз жайттарға ұрындыратыны тағы бар.
Айқын Төлепберген, әнші:
-Болды, все! Қойшы, болды жетеді!
Әуелбекова жеке өміріндегі сырын ақтарудан әбден шаршағанын айтады. Бұдан былай Мөлдір БАҚ пен бұқараны тек шығармашылық жаңалықтарымен қуантуға бекінген.
Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер: - Болды, қойшы! Тасташы! Шығарып алдың ғой, шығарып алдың ғой...