Шетел жаңалықтары: Энрике Иглесиас 17 жылдан кейін үйленбек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі испандық әнші - Энрике Иглесиастың, өз сүйіктісі Анна Куриниковамен бір шаңырақ астында тұрып жатқанына 17 жылдан асты. Алайда бұл жұп, заңды некеге әлі күнге дейін тіркелмеген. Енді Энрике, ғашығымен үйлену тойын өткізбек.

Энрике мен Анна 2001-жылы, дәлі осы «Escape» әніне арналған бейнебаянды таспалауда танысқан. Сол уақыттан бері жұптары жазылмады, екеуі өткен жылы алғаш рет ата-ана атанды. Олардың бүгінде Люси мен Николас есімді қос егізі өсіп келеді. 17 жыл бойы бірге көңіл қосқан ғашықтар, қағаз жүзінде сөз де байласпаған еді. Енді Энрике сүйіктісімен заңды некеге отырып, дүбірлі той жасауды жоспарлауда.

***

Гарри ханзада мен Меган Маркл өздерінің Австралия мен Жаңа Зеландия елдеріне сапарын жалғастыруда. Ақсүйектер Суваның Фиджи аралына ат басын бұрды. Патша әулетінің ханзадасы келе сала әскери ескерткіштерге тағзым етуге жөнелсе, Меган болса Оңтүстік Тынық Мұхиты университетінің жастарымен жүздескен. Екеуінің әр қадамын аңдыған папарацциге олар да бой үйретіп алғандай.

***

Леонардо ДиКаприо үйін сатылымға қойды. Актер Лос-Анджелес қаласындағы зәулім сарайын, 1999 жылы, «Титаник» фильмінің қаламақысына алған екен. Танымал жұлдыз баспанасын 1,7 млн-ға бағалап отыр. Бастапқыда жалғыз тұрған Леоның шаңырағында, бүгінде анасы жайғасқан. Ал, ДиКаприоның өзі сүйіктісі Камила Морренемен жақында отау құрып, жаңа қонысқа көшпек ниетте