«Джейрандық» Алтынай Жолдыбаева бір бейнебаян үшін, тату жасатудан да тайынбайды. Әнші қыздың «Жылайсың әлі» клипіне арнап денесіне сурет салдырғаны да бар.
Дәл осы бейнебаян үшін, Алтынай иық тұсына жүректің суретін салдырған. Кіші Жолдыбаеваның денесіне, бұдан бөлек, бірнеше таңба басылған. Әнші қыз, оны жасырудан бұрын, мақтанышпен көрсетуге құмар.
Камшат та, енді татуы бар жұлдыздар қатарына кірді. Әншінің денесіндегі өрнекті «Тыңда мені» әніне арналған соңғы клипінен байқауға болады.
Ал, жас орындаушылардың бірі, The Kitchen Songsтың қолындағы таңбада терең ой жатыр. Музыкант 2 жыл бұрын өнерге қадам басқан сәтінде, атына сай етіп тату салдырған.
The Kitchen Songs, әнші
-Негізі бұл өз басыма деген напоминания дейміз ғой сол сияқты жасалған рецепт. Мына жерде көрсеңіздер повардың бас киімі салынған, TKS -The Kitchen Songs, астында қазан салынған, қазанның ішінде, музыка әзірленіп жатыр.
«Амуаж» тобының солисі Анастасия Клещенко болса өнерден бұрын, жеке өміре байланысты етіп белгі салса керек. Арудың, білегіндегі тәж ырымдап бейнелеген.
Анастасия Клещенко, «AMOUAGE» тобының солисі
-Менің татуировкамда, «family» сөзі жазылған тәждің суреті. Себебі патшаның отбасындай болсын деген ниетпен, ырымдап салғанмын. Артынан шынында да, тұрмысқа шықтым.
Алайда, Настя мен Аланның отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады.