Ресейлік «Серебро» тобынан кеткен Ольга Серябкина енді жеке әнші ретінде алғашқы бейнебаянын ұсынды. Молли есімімен шығармашылығын жалғастыруды көздеген талантты ару, алғашқы туындысын композитор Максим Фадеевпен орындаған.
Молли бейнебаянын «Серебро» тобындағы сәттеріне арнапты. Әнші қыздың бұл ұжымдағы жарқын естеліктері мен түсірілімдер кезіндегі басынан кешкен хикаяларын жаңа видеодан табасыз.
Максим Фадеев пен Моллидің қосыла шырқаған «Рассыпая серебро» атты трек, тыңдармынның көңілінен бірден шыққандай. Ал, әнші қыз ресейлік танымал продюсердің қол астында жұмысын жалғастыра бермек.