«Біз де болашақта BTS сияқты танымал боламыз» - дейді, Айдана Меденованың су жаңа гелзбенді. Әнші ару күйеуімен бірге «Өзге» атты кью-поп ұжымның продюсерлығын қолға алған болатын. Енді міне, қыздардан құралған топ алғашқы бейнебаянын таспалап жатыр.
Экс-кешьюлік Меденова, жаңа қызметке білек сыбана кірісіп кеткен. Өнер әлемінде аз да болса тәжірибе жинап үлгерген ол, қол астындағы орындаушыларға бар білгенін аянбай үйретуде. Кью-поп бағытындағы қаумалаған ұжымның ішінен ерекше есім арқылы көптің назарын өзімізге аударамыз дейді олар.
«Шахи», «OZGE» тобының мембері:
-Біздің топтың атын «Өзге» деп таңдап алдық. Себебі, біз өзге топтардан ерекшеленгіміз келеді. Және біздің өз фандомымыз бар – олар өзгелер.
Жаңа гелзбендке үміткерлерді таңдауда Айдана мен Әлішер әуре-сарсаңға салынбауды жөн санапты. Әнші арулар әлеуметтік желі арқылы көзге түсіп, топқа шақырту алған көрінеді. Бүгінде олардың әрқайсысы музыкалық колледжде білім алып жатыр.
«Кеша», «OZGE» тобының мембері:
-Мен Астана қаласынан «Өзге» тобы үшін көшіп келдім. Жарты жылдай болып қалған шығар. Ата-анамыз қарсы болған жоқ, себебі олар түсінеді біздің өнерге деген бала кезден арманымыз бұл.
Ал, қыздардың стилі талай кью-поп орындаушыларды киіндірген Рау Жиенбековаға тиесілі болса, бейнбеаянды түсіру Олжас Ыбраевқа жүктелген.
Дәл осылай, алғашқы қадамын ұшақ алаңынан бастаған қыздар, болашақта кью-поп аспанында қалықтауға дәмелі.
«Уми», «OZGE» тобының мембері:
-Бізден көп жаңалық күтіңіздер. Біз де тырысуға әрқашан дайынбыз сіздер үшін.