Өмірде бір-бірін сөзсіз ұғатын жұлдызды жұптардың сұхбат кезінде сасқан сәтін көрдіңіз бе? Камера алдында қобалжыған танымалдардың қызықтарын дәл қазір көрсетеміз.
Әуелде жұртқа «Арнау» арқылы танылған Салтанат Бақаева, соңғы кездері жұбайынан жұлдыз жасауды қолға алған. Отағасымен отбасылық концерттерде дуэт орындап жүр. Бірақ Нұржанның сахна мен сұхбатты жатырқайтын сәттері бар! Мерекелік құттықтау алу мақсатында ерлі-зайыптыларға микрофон ұсынып едік, тілек тыңдаудың орнына көңіл-күй көтердік.
Нұржан & Cалтанат:
-Өткен жылдан да керемет болып өтсін. Жаңа жылдарыңызбен! Туу, че такое?
Жұлдызды патилердің біріне келген Дастан Оразбековтің жұбайы да бізге алғаш рет сұхбат беріп, отандық шоу-бизнестегі дебютын жасаған еді.
Дастан & Жанат:
-Телевизордан кішкене... ммм көбірек байқалынамыз. Бірақ ол қатты айтатын әңгіме емес деп ойлаймын. Қобылжып тұр!
Ал, Сәкен Майғазиевтің жұбайы отағасының ерекше қасиеттерін жақсылап жіпке тізгісі-ақ келді. Бірақ камера алдында өзін жайсыз сезінген секілді.
Сәкен & Динара:
-Енді... Негізі маған былай оңаша айтады.
Сұхбат барысында Гүлзира ханымға Қайрат Нұртастың әкесі кедергі келтірсе, дәл осылай ескерту жасайды.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Бір минут Нұртас, мен сұхбат беріп жатыр едім. Айқайлама!
Бүркіттің жанұясындағы барлық мәселеге әншінің өзі жауапты. Тіпті Аишаға қатысты сауалдың жүгін өзі арқалай жөнелді.
Бүркіт & Аиша:
-Оған дейін де болып қалар...
-Смотрите у нас наоборот! Все рассказывает он, я молчаливая...