Калия, Аиша, Қарлығаш Мұxамеджанова бастаған өнер өкілдері, бұдан-былай "қыздар құқығының қорғалуын" қадағаламақ. Шоу-бизнестегі арулардың айтуынша, Қазақстанда нәзік жандыларға қатысты мәселелер жетерлік.
Әрбір қыз бақытты балалық шағы үшін дәл осылай ата-анасына алғыс айтуы керек деген Калия, отандық жұлдыздардың қатысуымен арнайы ролик ұсынды. «Халықаралық қыздар күніне» орай таспаланған туындының басты мақсаты – ел назарын бойжеткендердің мәселесіне аударту.
Ерекше шараға жиналған жұрт «ерте неке қию» сынды мәселелердің көптігін алға тартады. «Ауруын жасырған ауырмай өледі», сондықтан бар ақиқатты ашық айтуымыз тиіс дейді олар.
Инга Иманбай, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюроның журналисі:
-44 пайызы 18 жасқа дейінгі қыздардың денсаулықты тексеру барысында, гинекологиялық ауруларға шалдыққан болып шықты. Оның ішінде жыныстық жолмен берілетін аурулар. Бұл меніңше, өте қоғам назар аударуы тиіс және қоғам талқылауы тиіс сандар.
Аталмыш бейнероликте төбе көрсеткен Аиша, елдегі ахуалдың нашарлығынан мүлде бейхабар екен.
Аиша, әнші:
-Роликке түсуге бірден келісімімді бердім. Бұл мәселе мені қатты таңқалтты. Себебі, мұндай жағдайлар елімізде көп екенін білмеппін. Бірақ, бұдан-былай қыздар мәселесінің шешілуіне қатысты көмек беруге дайынмын. Әзірше, нақты қадамдарым жоқ, бірақ бұл жайында ойланбақпын.
Қыздар құқығын күйттеп, тың бастама көтерген Калия болса «аруларға қатысты түрлі оқиғаларды оқып, жағамды ұстаған соң, бұл іске кірістім», - дейді.
Калия, әнші:
-Мен бүгін ғана сол Түркістаннан қайтып келдім. Нақты сол ата-аналармен кездестік. Ата-аналармен кездескенде Түркістанда, олардың жағынан келісім бар. Оларға жыныстық туралы ақпарат берілуі керек. Өз-өздерін қорғау жолдарын айту керек екенін өздері де айтып жатыр.