Жаңа бейнебаяндар

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық DJ Snake әріптестері Селена Гомес, Карди Би, Озуна сынды атақты әншілермен бірігіп орындаған «Taki Taki» трегіне бейнебаян ұсынды. Танымалдардың квартеті қаншалықты сәтті болмақ?

Ең қызығы бейнебаянды өнерпаздар Лос-Анджелес қаласында, бір тәулікте түсіріп үлгерген. Испан тілінде ән шырқайтын таланттылар, клипте өздерінің эпатажды образдарымен ерекшеленуді қалаған сыңайлы.

Жұлдыздардың ортақ туындылары бір апта бұрын шықса да, АҚШ-тың бірнеше музыкалық чарттарының көшін бастап үлгерген.

Рэпер Дрейк пен Френч Монтано дуэт құрып, «No Stylist» хитіне, тіпті клип ұсынып үлгерді. Туындыны бірлесе орындауға Лил Уэйн мен Рик Россты да арнайы шақырған екен.

Френч Монтаноның бұл әні «BET Hip Hop Awards» марапатында «ең үздік ортақ туынды» номинациясын еншілеген.

Жас әнші Камила Кабейо болса, өзінің жақында жарық көрген «Consequences» трегіне арналған бейнебаянның тизерін жариялап қана қоймай, оркестрдің сүйемелдеуімен жазылған нұсқасын да тыңдармандарына ұсынды.

21 жастағы талантты қыздың туындысы «Camila» атты дебьюттық альбомына енбек.