Зируза қызқұмар жігіттерге ренжулі

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнерлі Зирузаның жаңа клипі болса салмақты тақырыпты арқау еткен. Ол қазір махаббатқа немқұрайлы қарап, оның құнын түсірген ерлер қауымына арнап бейнебаян таспалауда. Қызқұмар жігіттердің қылығына қапаланған әнші, олардың шынайы бетпердесін ашуды көздеп отыр.

S.O.S, яғни «Сезім оты сөнбесін»! Кезекті клипке таңдалған трек дәл осылай аталады. Зирузаның бұл видеосы нәзік жандылардың тарапынан, жігіттер қауымына жолданатын үндеу іспеттес.

Ziruza, әнші:

-Бұл жерде көбінесе қыздың атынан айтып тұрмын. Көптеген қыздардың атынан жігіттерге. Яғни, шынайы махаббатты, қасыңызда жүрген жандарды жоғалтып алмаңыздар дегендей...

Ерлан Әлімов, продюсер:

-Басында өте үлкен махаббат болды. Сол махаббатты бағаламай, ажырасып... Ол үйленген адамдарды да айтуға болады. Ажырасып, балаларын қалдырып... Мына ән тек қана жас жігіттерге арналған емес, жалпы еркектерге арналған ән.

 

Абырой болғанда мұндай жағдай Зирузаның басынан өтпеген. Бірақ жауапсыз махаббат тақырыбын таныстары мен құрбылары жиі талқылайды екен.

Ziruza, әнші:

-Жоқ, менде ондай шынайы сезімді бағаламау деген болмады. Менікі мүлдем басқа нәрсе болды десе де болады. Бұл жағдай негізі көбісінде жанұяда болып тұрады. Немесе қыз бен жігіттің арасында болып тұратын мәселе. Сол себепті бұл нәрсе көбісіне таныс деп ойлаймын.

Әнші ару бұрынғы клиптерінде қыз бен жігіттің сезімін арнайы сюжет арқылы көрсетсе, бұл жолы тың әдісті қолдануды жөн көрген.

Ерлан Әлімов, продюсер:

-Осы клипте история болмайды. Әдеттегідей бізден история күтіп жүрген шығар фанаттарымыз.

Ziruza, әнші:

-Бұл жерде көбінесе биге акцент қойып жатырмыз. Ешқандай сюжет болмайды.

Ғашықтар хикаясын хореография арқылы бейнелеуге тырысатын бейнебаян, екі аптадан кейін жарыққа шығады.