Қыздардың қызығушылығын оятқан бозбалалар қатарында Арынбаевтың да ұлы бар. Әнші әке атұстарының ертерек отбасын құрғанын қалайды. Ал, музыканттың мұрагері Дәулет, әулетке лайықты келіннің міндеттерін жіпке тізіп берді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Арынбаевтың клипінде басты рөлді сомдаған бала Дәулет, бүгінде 18 жастан асыпты. Алматыдағы университеттердің бірінде білім алатын ол, «Ақпараттық жүйе» факультетінің 2-ші курс студенті. Өткен жылы сүйіктісімен түскен дәл осы суретін желіге жүктеп, ғаламторда дүр сілкіндіргені бар.
Медеу Арынбаев, әнші, композитор:
-Бір кездері бірдеңе болды, иә! Қалжыңдап бір нәрсе айтса, кетіп қалады ғой. Мен ондай еш сайт қарап, ғаламтор қарап әлек болып жүрген мен жоқ. Мен түсінбеймін оны қалай ашатынын.
Дәулет Арынбаев, М. Арынбаевтың ұлы:
-Достарымның бәрі хабарласты. Интернеттен сені көрдім. Үйленесің бе деген сияқты әңгімелерді айтады да.
Медеу Арынбаев ұлының ертерек шаңырақ көтергенін құп көреді. Өйткені, өнер иесінің өзі, серілік құрып, 30-дан асқан шағында отау құрыпты.
Медеу Арынбаев, әнші, композитор:
-Мен сияқты 31-ге дейін жүрмесе болды. 22-23 жасында рұқсат бере беремін. Үйленемін десе болды. оқуын жақсылап оқысын. Оқуын алып алса екен дейсің ғой қайткенде де.
Осы орайда Дәулеттің де жеке өміріне қатысты жоспарын білген едік. Әке мен баланың ойы бір жерден шығатын сыңайлы...
Дәулет Арынбаев, М. Арынбаевтың ұлы:
-Жиырма екіде деп ойлаймын. Қазір әлі ерте ғой. Жақсы қыздар ұнайды. Әдемі қыз, тамақ жасай алатын. Өте сүйкімді, адал қыздар ұнайды маған.
Дәулеттің дәл қазір көңіл жарастырып жүрген сүйіктісі жоқ. Жас жігіт жүрегінің жартысын жолықтырса, әуелі әкесімен таныстырып, кейін әулеттегі дүбірлі тойға дайындықты бастамақ!