Әнуар Нұрепейісов керісінше, келбетінің көрікті болуына күш салатын әріптестерін құптамайды. «Ер жігіт ең әуелі елін қорғайтын батыр болуы тиіс. Ол үшін мен сияқты бос уақытын барынша спортзалда өткізген дұрыс» - дейді актер.
Экрандарда төбе көрсетуді сиреткен Нұрпейісовты Инвиктус фитнес-орталығынан тауып алдық. Сөйтсек, актер мінсіз мүсінді атану үшін «аянбай тер төгіп» жүр екен. Діттегеніне жету мақсатында, Әнуар бұл күндері спорттың барлық түрімен шұғылдануда.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
-Менің спорттық кестеме біріншіден сайкл, одан кейін стрейч яғни растяжка, үшіншіден кроссфит және бокс. Осылай араластырып, мен спортпен айналысамын.1.12 Өйткені қазір өзімнің бұрынғы қалпыма келейін деп тұрмын. Соңғы сапарда 5 кг-дай салмақ қостым. Сол салмақты жоюым керек.
Артық салмақтан арыламын деген Әнуар, ел естімеген құпиясымен де бөлісті. Сөйтсек, өнер жолына түспегенде, Нұрпейісовты қалың көпшілік актер емес, «бодибилдер» ретінде тануы бек мүмкін еді.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
-Бодибилдингкпен мен сегізінші класстан бастап екі-үш жыл айналыстым. Бірақ онда қатты бодибилдинг болған жоқ. Өзіме керекті жаттығуларды жасадым.
Ал, дене сымбатына көңіл бөлмейтін өнердегі кейбір әріптестеріне Ануардың
айтар назы бар. Ел алдында жүрген соң келісті келбетіңмен қоса, мінсіз мүсінің де болуы тиіс дейді ол.
Әнуар Нұрпейісов, актер:
-Меніңше әркімге дене шынықтырумен айналысу керек. *Және де медиатұлғаларға мүлдем керекті нәрсе, өйткені біз әрқашан адамдардың жанында жүреміз. Оларға үлгі тұтамыз. Сондықтан үлгіде болуымыз үшін, физикалық қалпымызда болуымыз керкпіз.
Нұрпейісовтың бұл ұран сөздері, қазақтың танымал ұл-қыздарына ой салар деген сенімдеміз.