Қауіпті челленджд

Сообщить о проблеме с эфиром

Мың бұрала билеген Арман мен Ашаның мына қылығы Қазнеттің қызу талқысында. Дәл осы қауіпті челленджге құмартқан қазақстандық жұлдыздардың саны сәт санап артып келеді екен. Ал әріптестерінің қылығына қапаланған Алтынай Жорабаева оларды сабырға шақырып әлек.

Бір қарағанда ережелері оңай көрінгенімен, бұл челленджді халық та, тәртіп сақшылары да қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда. Бүгінде жаһанды жаулаған флэшмоб біздің жұлдыздарға да жеткен. Мәселен, Арман мен Аша трендтен қалыспайтын танымалдар қатарында.

Тіпті, хит байсалды Мейрамбек Бесбаевқа да ұнап қалған сыңайлы...

Ал, Алтынай Жорабаева хайп қуған жұлдыздардың майып болып қалуларынан қорқады.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Әрине, оны жасауға болмайды. Қауіпті. Оны кәдімгі көшеде көлік жүріп жатқан кезде жасауға болмайды.

Бірақ дәл осы флешмоб сәнге айналған сәтте, Алтынайдың өзі де қызықтап көрген. Бірақ қаланың қақ ортасында емес, оңашада!

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Құрбымды күтіп тұрдық Түркістаннан шыға беріс жерде. Ол жер көше емес. Көшеден әлдеқайда алыс жерде. Мен ақымақ емеспін ғой. Мынау қырыққа келгенде қуыпты деп сөйлеп жатыр ғой.

 

Ту сыртынан сынағандарға Жорабаеваның жауабы дайын. Ол көпшіліктің қызғушылығын оятқан челлендж арқылы Қайрат Нұртасқа қолдау көрсетуді қалаған.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Қайрат Нұртастың өзім қатты жақсы көремін де. Өнеріне басымды иемін оның өнеріне. Содан ағылшынша айтылған әніне көп сындар кетті ғой. Сол әннің өзі, музыкасы, аранжировкасы керісінше маған ұнайды да. Содан сол әнге әдейі айтқым келді де қолдау мақсатында.

Ал, ғаламторда кең таралған челленджге арқау болған Дрейктің «In my filings» атты тың туындысы. 2018-ші жылдың шілдесінде тұсауы кесілген трек, әйгілі рэпердің Кики есімді бұрынғы ғашығына арнаған шығармасы.