Париж фэшн уиктегі дизайнерлер болса, керісінше дараланып қалуға тырысуда. Сән апталығының соңғы нүктесін қойған Шанель – сахнаны нағыз жағажайға айналдырды. Алайда, әйгілі бренд топтамасына жаңашылдық енгізе алды ма?
Шанелдің креативті директоры Карл Лагерфельд тың идеяларымен таңқалдыруда тосылып қалған емес. Сән сахнасын бірде орманға, енді бірде әуежайға айналдырған шебердің бұл жолғы таңдауы – теңіз тақырыбы. Алпауыт бренд көктем-күз маусымына ұсынған үлгілерін, жағажайда таныстыруды жөн көрген.
Жасанды теңіздің жанымен бойлай жүріп өткен сәнбикелер болса, «ерекше» подиумға жалаң аяқ шықты. Арулардың үстіндегі киімдерге қарап, Шанель бұрынғы қағидасынан аса айнымағанын аңғаруға болады.
Карлдың сүйікті сәнбикесі – бәз-баяғыша Кая Гербер болып қала бермек. Таңдаулы брендтің топтамасын тамашалауға Памела Андерсонның өзі келген көрінеді. Актрисадан өзге, Миа Гот пен Ванессса Паради де әйгілі марканың жанкүйерлері қатарында.
Кая Гербер, Шанельдің шоуынан шыға сала, Miu Miu көрсетіліміне асықты. Сұраныстағы сәнбикені Миучча Прада да өз сахнасынан көргісі келді. Дарынды дизайнердің үлгілерінен деним мен былғарыны байқауға болады. Сондай-ақ, жаңа топтамадан сән үйінің бір ізділіктен бас тартқаны байқалады.