Динара Сәтжан анасының сән әлемінде көпге үлгі болғанын қалайды. Ғаламторда бірнеше мың аудиторияны қамтыған Ақмарал ханым, әр жазбаны желіге жүктерде танымал қызының кеңесіне жүгінеді екен.
Ақмарал Сәтжан – әлеуметтік желідегі белсенді әжелердің бірегейі. Трендтен қалыспайтын ақ жаулықтының әр қадамын, 43 мың оқырманы жіті қадағалайды. Сән саласына деген қызығушылығын оятқан қызы Динара екен.
Ақмарал Сәтжан, Д. Сәтжанның анасы:
-Динарамен кішкентай кезінен ақылдасам. Қайсы жарасады деген сияқты. Әрбір сәтте Динарамен ақылдасып отырамыз. Өйткені жастардың ойы заманауи. Әрине менің өзімнің стилім бар. Артық та кетпеймін, кем де қалмаймын.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Танымалдылық менің ойымша өте жақсы нәрсе. Әсіресе әйелдерге. Өйткені танымалдылылық «держит в тонусе». Спорттық форма, әдемі киіну. Жас көріну деп ойлаймын. Сондықтан менің ойымша бұл мамаға жақсы нәрсе болды.
Динара алпысты алқымдаған анасының танымалдылығын арттыра түсуде аянып қалмақ емес. Жұлдызы жанған әже, отандық фэшн-индустрияның кіл мықтыларымен де тығыз қарым-қатынас орнатып үлгеріпті.
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Менің мамам менің құрбыларыммен жақсы араласады. Сол үшін менің мамам жас болып көрінеді деп ойлаймын!
Сәтжанның анасы Алматыдағы сән үйлерінде менеджер болып қызмет атқарады екен. Сұлулықты жаны қалайтын ол, өз қатарластарына кеңес беріп, қолдан келер көмегін аямайды.
Ақмарал Сәтжан, Д. Сәтжанның анасы:
-Маған ұнайды әйелдерді, үлкен адамдарды киіндіріп, сосын оларға әдемілеп көрсеткің келеді де. Өйткені өзім сияқты болса екен деген ой болады менде. Киіндіргім келеді. Солардың шашын жөндегім келеді.
Ал, Ақмарал ханымның ақыл-кеңесіне жүгініп, сән әлеміне құштарлығы оянған әжелер қауымы алғысын жаудырып жатқан көрінеді.