Париждың сән саxнасында әдеттен тыс, кемел жасқа келген нәзік жандылар өнер көрсетті. Баленсиага бренді бұл қадамымен, егде тартқан адамдар да әсем киініп, трендте болуға құқылы екенін көрсете білді. Алайда, тың бастама қонақтар көңіліне жақты ма?
Баленисага сән әлемі мен жаңа технологияны тоғыстырғысы келген сыңайлы. Фэшн сахнаны виртуалды тақырыпта безендірген ол, топтамасын әзірлеуде де өзгешелік енгізген. Оversize киімдерімен танылған бренд, бұл жолы 80-ші жылдарды еске алатын үлгілерді ұсынды.
Жаңа туындыларды таныстыруға кемел жасқа келген сәнбикелер жұмылдырылған еді. Сән үйінің бұл бастамасына ресейлік жүргізуші Евелина Хромченко өз бағасын беріп үлгерді.
Білесіздер ме, маған қоғамның егде тартқан адамдарға деген көзқарасы ұнамайды. Сондықтан да, Демна Гвасилияның бұл қылығы мені қатты қуантты. Кәрі болу сәннен бейхабар болу деген сөз емес!
Ал, фэшн уикте топтамасын таныстырған Иссей Мияке болса, мұндай игі қадамымен қуантпады. Есесіне, жапондық дизайнер франциялық көрермендердің назарына су жаңа мата үлгісін паш етті.
Табиғи шикізат пен синтетикадан құрылған жаңа өнім «тігін саласының қамыры» деген атқа ие болған.