«Челси» командасы өз жеңісін тойлап жатқанда, күллі әлем «туризм күнін» атап өтуде! Айтулы датаға, отандық жұлдыздар да соқпай өте алмады. Танымалдардың бірі шетелге шығуды армандаса, өзгелері осындай ойы үшін әріптестерін қатал сынның астына алды.
Артур Төлепов, әнші, актер:
-Шет ел ол шет ел ғой. Өзіміздің отандық туризм, Бурабай, Алакөл бар. Барлығы кем түспейді тек қана баға жағынан, сервис жағынан сәл-сәл бір төмен болмаса.
Ochooou, әнші:
-Мен жұмыс істеп, демалып жүре беретін адаммын. Негізі менің басым босаса болды, қолым босаса болды туған жерім Талдықорғанға тартып кететін әдетім бар.
Алайда, жұлдызды жұп Арман мен Аша әріптестерінің бұл бастамасына басқаша жауап берді.
Арман Қоңырбаев, әнші:
-Әрине біз өз елімізде демалығымыз келеді. Бірақ бағасы өте қымбат. Ол бағаға Түркия еліне немесе Дубайға барған арзан.
Ал, Бауыржан Сатов үшін, демалыстың қалтасына қаншалықты салмақ түсіретіні маңызды. Сондықтан актер, тынығудың тиімді жолдарын іздеп әлек.
Бауыржан Сатов, актер:
-Ең тиімді арзан деген, шет елге барып дем алу, ол бір 1000 доллар болады. Мысалы қыста Тайланд өте көп адам барады. Ол жерде бартер деген нәрсе болуы мүмкін. Бартер да бар, адам өз ақшасына да барады. Тиімді бағаны іздейді.
Тайланд демекші, оңтүстік-батыс Азияда орын тепкен бұл мемлекет Дананың екінші отанына айналғандай.
Дана Кентай, әнші:
-Мен тағы да Тайландқа барғым келіп кетті. Өйткені маған қатты ұнады шыны керек. Адамдары, өте жылы, жарқын, сондай жақсы.
Сөз соңы, туризмді талқыға салған жұлдыздар «көп ақша шығындап демалу маңызды емес. Ең бастысы, ел көріп, жер көру» - деп, өз ойларын түйіндеді.