Ақан Сатаев «Томирис» картинасының соңғы сахнасын таспалауда! Түсірілім күндерін артқа тастаған режиссер, Альмира Тұрсынның актерлік шеберлігіне дән риза. Алайда, жас актриса өз рөлін ойдағыдай алып шығу үшін, талай нәрседен бас тартқан көрінеді.
«Тұмар» ханшаның соңғы нүктесі Ежелгі Месопотамияның, Вавилон қаласында қойылмақ. Жарты жыл бұрын тарихи лентаның түсірліміне кіріскен Ақан Сатаев, фильмнің соңғы сахналарын таспалауда. «Бүгінгі локация бұрынғыларға қарағанда ерекше» - дейді режиссер.
Ақан Сатаев, режиссер:
-Сахналарын бір жетідей түсіріп жатырмыз. Қазақфильмнің павильонында бірінші сахналарымызды. Гассан Массут деген әдейі шақыртылған актерімізбен. Енді, міне, бүгін даладағы декорациялардың ішінде түсіріп жатырмыз.
Қиындыққа толы түсірлім күндерін артқа тастап, иығынан жүк түскендей күй кешкен Сатаев, қиялындағы Томирісті картинада көрсете білгеніне сенімді. Режиссер, Альмира Тұрсынның дарынына тәнті болғанын жасырмайды.
Альмира Тұрсын, актриса:
-Сұрақтарым болды. Сол сұрақтарымды режиссерге қойып. Кітаптарда оқып. Бізде өте көп историктер бар, редакторлар бар. Сонымен келісіп, сұрап, бәріміз жабылып сол образды шығардық.
Бұдан өзге, «Томирис» үшін Альмираға өзге де жанкештілікке баруға тура келген. Мәселен, отбасын екінші орынға ысырып қоюға тура келген.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Балам аса кішкентай емес. Мен оған сьемкадан келгенде бәрін айтып берем. Оған қызық болады. Отбасым мені түсініп, көмектесіп, ренжімей. Соларға рахмет үлкен.
Ежелгі тарихтан сыр шертетін лента, келер жылдың наурыз айында жарық көреді деп жоспарлануда. Бұған дейін, туындының саундтрегі ретінде - Jah Khalib-тың «Мединасы» таңдалды деген қауесет тарағанды. Алайда, Сатаев бұны жоққа шығарды.
Ақан Сатаев, режиссер:
-Музыканың орны бөлек, тарихи киноларда. Сондықтан қазір композитормен, бірнеше композитор қарастырып жатырмыз қазір.