Кардашьян қызын сән әлеміне енді жетелеп жатса, отандық жұлдыздардың балалары баяғыдан-ақ, бұл сахнаны бағындырып жүр. Олай болса, Динара Сәтжан, Алишер Елікбаевтің үйдегі бүлдіршіндерінің табысы қанша? Жауабын тілшіміз анықтап көрді.
Сән сахнасының жұлдызына айналған бүлдіршіндердің бірі – Амина Малғаждар. Күлкілі вайндары арқылы танылған кішкентай актрисаның гонорары, кәсіби сәнбикелердің табысынан кем емес көрінеді.
Арай Малгаждар, Әминаның анасы:
-Қазіргі кезде Әмина жалғыз өзі де, Әдиямен бірге де подиумдарға шығып тұрады. Бірақ, «Антенаның» атынан шыққан, және оның бренд-амбадассоры болғанды мақтан тұтамыз.
Тележүргізуші Динара Сәтжанның қызы да әсемдік саласын жат көрмейді. Анасының арқасында Диана үшін, сән сахнасы бала кезден көзі үйренген қалыпты дүние. Ал, әйгілі блогер Әлішер Елікбаевтың қызы болса, Mersedes Benz Fashion Week аясында алғаш рет көрсетілімге шыққан болатын. Әзірге, кішкентай Дәрия табыс тауып көрмепті.
Әлішер Елікбаев, блогер:
-Біз осындай показға бірінші рет қатыстық. Өзіміздің қыз қорықпай, өзі шықты. Біз орнымызда отырып қарап алдық бәрін, қуанып отырмыз. Дәрия бәрін өзі шешеді, біз оған тек қана көмектесеміз.
Болашақта қызым сән әлемін таңдаса, еш қарсылығым жоқ дейді Елікбаев. Ал, Дәрияның сахнадағы дебютын тамашалаған скрипкашы Лананың ұлы, модельдік мансап туралы салмақты ой түйген.
Лана, скрипкашы:
-Менің Георгиім балалар көрсетілімін тамашалап отырып, сән сахнасына шыққысы келетінін айтып қалды. Меніңше, ұлымның бет-әлпеті сәнқой болуға келеді. Сондықтан, болашақта бұл жайында ойлана жатармыз.
Жұлдызды ата-аналар бірауыздан бүлдіршіндерінің қанша қаржы тапқаны емес, өзіне ұнаған ісімен айналысқаны маңызды деген ұстанымда.