Төреғали Төреәлі тағы дауа қалды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Басы даудан арылмайтын Төреғали, қоғамға қатты өкпелі көрінеді. Хитменді аймақтардағы ән кештерінде, аяқтан шалатындардың қарасы көбейген. Өткен жылдың соңында керекулік қариямен ерегескен әнші, бұл жолы Ақтөбедегі әжеге қатысты әңгіменің шетін шығарды.

Төрештің ешкімде шаруасы жоқ. Бірақ шоу-концерті шуға ұласады. Хитмен халықпен қауыша қалса, хейтерлердің құрығына жиі ілігеді екен. Жайсыз жағдайлардың бірі Ақтөбеде де болған.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Сахнасы биік Ақтөбенің. Апа келді де, суретке түсе қояйын дейді. Былай отырсам келмейді. Отырсам басым бұтымның арасына кіріп жатыр. Болмаған соң былай жантайып жаттым да. Сөйтіп апаны құшақтап былай сахнаға жаттым. Төреғали Ақтөбеге келіп, сахнаға жатты дегенді шығарған ғой. Ал апа қайда қалды, суретке түсу қайда қалды деген сияқты?..

Осыдан бірнеше ай бұрын жұлқына билеген Жолдыбаеваны желідегілер жерден алып, жерге салғаны бар. Кәмшатті көпшілік ашық киінді деп айыптаған.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

-Неліктен тырысып, тырмысып жатқан кезде еңбекті көрмейді?.. үстіңдегі киіміңді сынға салатындардың мен ондай жақтарын түсінбеймін. Мен ойлаймын қазір кішкене болса ой-өрісті өсіріп, басқа жағынан сын айтуға тырысқанын қалар едім.

Сондай-ақ, Сейітмағамбеттің суреттері де сыннан көз ашпайды. Түсірілім барысында төрт рет ақ көйлек киген Ақботаның постына, оқырмандары жағымсыз жазбаларды жиі қалдырады екен.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Былай жазыпты: «Сен төрт той көйлегін кинода кидім деп айтыпсың. Өзің өмірде де төрт киіп қалмашы» - деп жаңағы мысқылдап жазған әйелдер бар. Шамалы енді намысқа тиеді ондай сөздер.

Бүгінде бақытты жұп Италияда демалуда. Жұлдызды жанұяда жағымды жаңалық та бар көрінеді. Инстадағы инсайдерлердің пайымына сүйенсек, Дәурен мен Ақбота екінші сәбиін күтіп жүр.