«Дисней» компаниясы болса өзінің барлық кейіпкерлерінің басын, бір туындыға тоғыстырды. «Ғаламторға қарсы Ральф» атты анимаициялық лентаның соңғы трейлері ұсынылған еді. Мультфильмнің көрерменге берер пайдасы мол көрінеді.
Бұл жолы Ральф пен Ванилопа фон Кекс ғаламтор әлеміне аттанбақ. Олар, «Дисней» ханшайымдарымен бірігіп, түрлі оқиғаны бастан кешеді. Туынды достықтың маңыздылығын жеткізуге тырысқан. Анимациялық өнім қарашаның 22-сінен бастап, үлкен экрандарға жол тартады.
Қытай елі мен АҚШ бірігіп түсірген «Гринч» анимациялық лентасы, «Мен ұсқынсыз», «Жануарлар әлемі» сынды туындылардың авторларынан. Мультхикаяда, танымал актер Бенедикт Камбербэтч - басты кейіпкерді дыбыстаған. Мерекелерді ұнатпайтын Гринч, жаңа жылдың шырқын бұзуға барын салады. Картина 20-шы желтоқсанда жарыққа шығады.
Жапон елі ұсынған «Құбыжықтың оқушысы» туындысы, Киюта есімді бала туралы болмақ. Аюдың қамқорлығымен ержеткен бүлдіршін, жауынгерлікке жаттығады. Киюта ақырында әлемді қауіп-қатерден құтқаратын батырға айналмақ. Лента 2015 жылы таспаланса да, көрермендерге осы жылдың қазан айында ұсынылады.