Ерлер стилін сөз қылған аруларға Милан сән апталығына көз жүгіртсе, артық етпес еді. Әлемнің әсемдік астанасында фэшн уик басталды! Алғаш болып, киімдерін таныстырған Альбеерта Ферретти сахнаға жұлдыздарды тұтас жинап алыпты.
Кендалл Дженнер, әпкелі Хадид, Кая Гербер. Альберта Фереттидің су жаңа үлгілерін сән әлемінің ең мықты арулары таныстырған еді. Дизайнердің өзі болса, туындыларымда стрит стайл мен поэтиканы ұштастырғым келді дейді.
Шифоннан тігілген көйлектер мен жарқын түсті киімдер. Альбертаның пайымымен, бүгінгі заманда көше сәні дәл осындай болу керек.
Библос бренді де топтамасын ел назарына ұсыну мәртебесін «жұлдызды сәнқойларға» тапсырды. Олардың арасында әлемнің ең әдемі қызы атанған Тилан Блондо мен Винни Харолоу.
Мануэль Факкини, кретивті директор:
-Киімдерімде кеңістік, хиппи ұғымдарын тоғыстырғым келді. Сондықтан көгілдір, сұр түстерді көптеп байқай аласыздар.
Еске салсақ, Мануэль Факкинидің «Библос» брендінің игілігіне жұмыс істеп келе жатқанына 12 жылдан асты. Содан бері жаңашылдыққа жаны құмар италияндық дизайнер, сән әлемінде жеке қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген еді.