Күні кеше Венеция фестивалінің «Арыстанын» еншілеген Эмир Байғазин, тағы бір жүлдеге ие болды! Отандасымыз «Өзен» фильмі үшін Голливудтың Баспасөз Ассоциациясының грантына жеңіп алды. Енді, ол Лос-Анджелес қаласына аттанып, Film Independent ұйымдастыратын білім беру бағдарламаларын меңгеріп, өрсетілімдерге, сондай-ақ «Алтын Глобус» салтанатына қатыспақ.
Эмир Байғазин, режиссер:
-Құрметті достар, дәл қазір мен Ниагара сарқырамасының жанындамын. Ол Канада мен АҚШ шекарасында орналасқан. Мен ең алдымен күллі қазақстандықтарға алғысымды айтқым келеді. Қолдауларыңыз үшін рахмет!