Көпшілік түсіне бермейтін, тың туындыларымен танылған режиссер Ким Ки Дук, қазақстандық жанкүйерлерімен жүздесті. Almaty Film Festival-дің арнайы қонағы болған ол, шеберлік сабағын өткізген еді. Өнер иесінің айтуынша, кинода жетістікке жету сіз ойлағандай қиын емес.
Әлемдік кино айдынынан өз орнын ойып алатын Ким Ки Дук картиналары - терең философиямен ерекше. Оның таспалаған лентасын тамашалаған көрермен, режиссерлық қолтаңба кімге тиесілі екенін бірден байқайды. Ең қызығы, корей киногері әр туындысын таспалауға небәрі 10 күн жұмсайды екен.
Ерекше көзқарасы мен шығармашылықтағы даралығының арқасында, Венеция фестивалінің «Алтын арыстанын» еншілеген Ким Ки Дук, қазақстандық жанкүйерлерімен жүздесті. Шеберлік сабағын өткізген ол, қалай мықты киногер атанудың өз құпиясын айтты.
Ким Ки Дук, режиссер:
-Сценарий жазамын деп, арнайы уақыт бөліп, іске кіріссең ешқашан жұмысың оңға баспайды. Себебі, лентаның сюжетін дүниеге әкелу, кенеттен келетін құбылыс. Мәселен, мен бір күні тауға қарап отырғанымда «Көктем, жаз, күз, қыс және қайтадан көктем» картинасының идеясы келген еді.
Режиссерлық тәжірбиесімен бөліскен Ким Ки Дукқа, жергілікі табынушыларымен өткен жылы жүздесу жанына жаққандай. Әсершіл корейлік өнер иесі, өзін сыйлап келген қонақтарымен әуелете ән де салды.
Ал, әлемдік киносаласында өз есімін қалыптастырғысы келген жандарға, корейлік режиссердың айтары бір. Жетістікке жету сіз ойлағандай қиын емес.
Ким Ки Дук, режиссер:
-Жас режиссерлерге кеңесім, ең әуелі аз бюджетті картинадан бастаған жөн. Сол тырнақалды туындыны таспалауда оператор, режиссер, сценарист ретінде бар күшіңізді мүмкінідігінше салыңыз. Кейін картина оң бағаланып, жүлдеге ие болса, демеушілер де пайда бола бастайды.