Кино әлемінің жұлдызы Кира Найтли, сонау ХХІ-ші ғасырдың басында таспалануы керек болған фильмін, енді жарыққа шығармақ. Биографиялық драммада басты кейіпкерді сомдаған актриса, бұл рөлге де бірнеше жылын сарп еткен екен. Енді, жұртты 17 жыл күттірген картина, көрерменге жол тартуға дайын.
«Колетт» лентасы- отау құрған қос жазушы туралы. Басты кейіпкер Уилли, жұбайын өз атынан кітап жазуға көндіреді. Нәтижесінде әйелінің арқасында, танымалдылыққа қол жеткізе бастаған автордың отбасы ойран болмақ.
Актриса Эмили Блант та «Мэри Поппинстің оралуы» мюзиклін ұсынды. Отбасылық лентада, Мэри мен оның досы Джеканың бастан кешетін хикаясы баяндалады.
Дакота Джонсон басты рөлді сомдайтын «Суспирия» атты үрейлі лентаны жұрт асыға тосуда. Тылсым күштер мекендейтін мектепке тап болатын балет бишісінің жан түршігерлік оқиғасын, қараша айының соңынан бастап көре аласыздар.