Канн фестивалінде «үздік актриса» атанған, Самал Еслямова есіңізде ме? Талантымен голливудтық жұлдыздарды шаң қаптырған өнерпазды, Алматыдан 350 шақырым жердегі ауылдардың бірінен кездестірдік. Актриса ол жаққа көшіп кеткен бе сонда?
«Айка» фильмі арқылы «үздік актриса» атағын еншілеген сәттен бастап, Самал Еслямованың өмірі күрт өзгереді. Ілесе келген танымалдылық - қарапайым қазақ қызының жеке басына да қатты әсер еткен.
Самал Еслямова, актриса:
-Қазақстанға келген кезде, сізбен суретке түсуге болады ма деп жатады. Біріншіде, қазір үйренетін болдым, суретке түсуге барлығына. Ең бірінші кезде ойлайтынмын, не үшін мемен суретке түседі не қызығы бар, менімен суретке түсудің деп. Сол күн бәрін өзгертіп жіберді.
Ел қошеметі мен даңқ ықпалын тигізсе де – жан-дүнием бұдан бүлінбеді дейді актриса. Оның сөзінше драмадағы кейіпкері мен өзі еш ұқсас емес.
Самал Еслямова, актриса:
-Әр роль ол әр адамның, әр түрлі кейіпкердің өмірі ғой. Ешқайсысы менің өзіме ұқсамайды. Олардың өмірлері басқаша, менікіне сәйкес келмейді.
Қазақ еліне бірден елеулі болған Самалға, мақтаумен қоса, түрлі сын-пікір де айтылатын көрінеді. Актриса үшін - бұл да бір жетістік.
Самал Еслямова, актриса:
-Айтып жатқан пікірлерге мен ойлаймын, енді қанша адам бар, сонша пікір бар. Біздің өнеріміз енді, ол әртүрлі көрермендер болуы керек себебі, егерде олар барлығы бірдей болса, біздің мамандығымыз ешқандай маңызы болмас еді.
Самал қазір, жаңа туындының түсірілімінде тер төгуде. Шығармашылығын тынбай шыңдап жүрген актрисаның бір арманы – жақсылап тынығу.
Самал Еслямова, актриса:
-Кішкене деп алсам ба деген үмітім бар, себебі мен әлі деп алған жоқпын. Содан кейін өзімнің мұғалімімнің киносына түсетін жоспарым бар.
Ресейлік режиссердың фильмінде бой көрсеткен Еслямова үшін - қазақ киносына түсу үлкен мәртебе. Енді актриса, өзге жанрда да өзін байқап көруді қалайды.