Шетелдік сән демекші, дәл қазір Нью-Йорктегі фэшн апталықтың көркі қызуда. Мәселен, Джастин Бибердің сүйіктісі Хейли Болдуин, әйгілі Карролина Эррераның жаңа топтамасын тамашалап қайтты. Атышулы дизейнер, бұл жолы да көптің көңілінен шыққандай.
Бұл жолы Карролина Эррера сән үйінің топтамасын асыға күткендердің қарасы көп болды. Өйткені, аталмыш көрсетілім - жаңа креативті директор Уэс Гордонның дебюты саналады. Екіншіден, Карролина Меган Марклдың сүйікті дизайнеріне айналғаны қашан. Ал, ханшайымның таңдауы сөзсіз «тренд» саналады.
Уес Гордон, креативті директор:
-Карролинамен бір жыл бойы бірге жұмыс істедік. Өте қатты қобалжыдым. Бірақ, ол жарқын мінезді адам. Сондықтан, дәл Карролинаға келгеніме қуаныштымын.
Су жаңа үлгілерде ашық-жарқын, түрлі-түсті реңктерді көбірек байқауға болады. 70-ші жылдарды еске алатын костюмдер, гүлді принт, қосетек көйлектер сән үйінің пайымынша -келер жылдың тың тренді.
Уес Гордон, креативті директор:
-Топтама Карролинаға ұнаағандай. Ол мені құшақтап, өте ерекше болды деді.
Ерекше топтаманы тамашалаған меймандар арасынан Хейли Болдуин байқалды. Сәнқой, киімдерді талқылағысы келді ме, сүйіктісі Джастин Бибердің орнына құрбысы Лили Олдриджді ерте келіпті.
Бұл күні Анна Суидың көрсетілімі де танымалдар назарынан кенде қалмады. Америкалық дизайнердің ұсынғанын көруге Наоми Кэмпбелл мен режиссер Фрэнсис Форд Каппола қызын ертіп, арнайы келген еді. Ал, сән сахнасының жұлдызына айналу әпкелі-сіңлілі Хадид пен Кайя Герберге бұйырды.