Q-pop әлемінде түрлі оқиғалар болып жатқанда, Нью-Йорк сән апталығы өз мәресіне жетті. Фэшн мерекенің соңғы күні Селена Гомез қадірлі меймандар арасынан табылды. Әнші, Coach /коуч/ брендінің көрсетілімін тамашалуға келген еді.
Бір апта бойы сән мерекесінде төбе көрсетпеген Селена Гомез, Coach маркасының көрсетіліміне келуді парызы санағандай. Өйткені, әнші ару аталмыш брендпен кезінде серіктестік орнатып – өз топтамасын жарыққа шығарған еді.
Coach-тың дизайнері Стюарт Виверс болса, бұл жолы киім үлгілері арқылы Нью-Йорк тұрғындарының батыл образын жасауға тырысқан. «Маған шалқар шабыт сыйлаған - дәл осы қала» дейді, сәнгер.
Ал, Ники Минаж Oscar de la Renta бренді тіккен дүниелерді көздеп қойған сыңайлы. Эпотажды әнші, сән үйінің көрсетілімінде алдыңғы қатарға жайғасып, су жаңа киімдерді асқат мұқияттылықпен тамашалады.
Жаклин Кеннедиден бастап, АҚШ-тың алғашқы аруларын киіндірген Oscar de la Renta-ның шоуының шымылдығын түру - Белла Хадидке бұйырған. Топтамада ашық түстер мен гүлді принтті көптеп байқауға болады.
АҚШ президенттерінің асыл жарларына кезінде мен де әсем образдар сыйлағам дейді Наим Хан. Мишел Обама, Кейд Мидлтонның сүйікті дизайнеріне айналған үнді шебері де Нью-Йорк фешн уик аясында өз топтамасын ұсынды.
Наим Хан, дизайнер:
-Киімдерім көктем мезгілін еске салады. Дәл осы маусым менің сүйікті кезеңім. Шалқар шабытты - көктем мезгілі сыйлайды. Одан бөлек, Кэтрин Грейам, Элизабет Тейлор сынды тұлғалармен рухтанамын.
Ал, Наим Ханның су жаңа үлгілерін, жуық арада әйгілі тұлғалардың үстінен көрсе, еш сәнқойдың таңқалмасы анық.