Голливудтық жұлдыздар Кристен Стюарт пен Хлоя Севиньи су жаңа «Лиззи Борден кек алады» картинасын таныстырды. Крэйг Уилльям Макнейлл режиссерлық еткен аталмыш лентада, қос өнерпазға басты рөл бұйырған еді.
Криминалды драма өмірде болған оқиға желісі бойынша таспаланған. Сюжетте, әкесі мен өгей шешесін өлтіріп, жазадан сытылып щыққан
Лиззи есімді ару туралы баяндалады. Бұл жағдай, америка қоғамы үшін әлі де таңқаларлық құбылыс ретінде қала бермек.
Кристен Стюарт, актриса:
-Фильмнің сценарийі шынайы болған соң, түсірілім алаңында да барынша беріліп ойнауға талпындық. Ал, халықтың қалай қабылдарын уақыт өте біле жатармыз.