Мөлдір Әуелбекова, «Томиристі» сомдаған шәкіртінің қаламақасын қалтасына баспақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Әуелбекованың «Назар» тобында ән салатын Салтанат есімді сұлу, Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған еді. Мөлдірдің продюсерлік орталығында қызмет ететін қыз, тарихи картинадан алған қаламақасын жетекшісіне табыстауы тиіс екен. Бірақ, жас актриса келісімшарттағы міндетін орындауға құлықсыз көрінеді...

Салтанат Серкебаева – «Томирис» картинасында жаужүрек сақ патшайымның бойжеткен кезін сомдайды. Бірақ негізгі жұмысы - «Назар» төрттігінде тер төгу. Өйткені өнерпаз қыз, әуелде Әуелбековамен заңды түрде келісімшартқа қол қойған. Яғни, топтан тыс, тарихи фильмнен төленетін қаламақы да продюсерлік орталыққа тиесілі.

Салтанат Серкебаева, «Назар» тобының әншісі:

 Біз ақшаға келген, гонорарға келген сұрақтардың барлығын әрқашан құпия сақтаймыз. Оны халық та білмей-ақ қойсын...

Салтанат, «Томиристен» түскен табысын сыр қылып сақтағанымен, құпияның құлпын ашуға келгенде, Мөлдір ханым сараңдық танытқан жоқ.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

Негізі продюсерлер өзге жобаларға өзінің қарамағындағы адамдарды жіберген кезде түбегейлік гонарарды өзіне алады. Бірақ мен ойлаймын, біреудің ақысын жеуге қақым жоқ. Ол өзінің еңбегі. Салтанаттың қазіргі таңда гонорарының жартысы түсті. Томириске байланысты. Бірақ мен оның бір тиынын алған жоқпын. Алатында ойым болған жоқ.

Ал, шығармашылығын жеке дара дамыту бұрымдылардың қаншалықты жоспарында бар?! Бұл сауал Салтанатты жиі мазалайтын секілді.

Салтанат Серкебаева, «Назар» тобының әншісі:

Ондай ой бар. Бірақ әзір емес. Топпен бастаған ісімізді аяғына дейін жеткізіп болғаннан кейін, әрқайсымыз жеке кетеміз деген ойдамыз!

Дәл қазір «Назар» тобы кезекті клиптің түсірілімінде жүр. Жауапсыз махаббатты суреттейтін бейнебаян «Қиналма» деп аталады.