Тұңғыш рет, НТК арнасында! Жұлдыз Өмірғалидың қатысуымен жаңа форматтағы телехикая көрерменге жол тартпақ!
НТК бұдан-былай шетелдік телехикаяларға шаң қаптырмақ! Арнаның қолдауымен алғаш рет, 120 бөлімнен тұратын тың жоба таспалануда. Енді көрермен, бір жыл бойы өзін жалықтырмайтын кейіпкерлердің шиеленіске толы күндерінің куәгері атанбақ.
Бақыт, махаббат, сатқындық пен өштесу. Сан қилы тағдырлардың тоғысы, түрлі сипаттағы тартыстарды суреттейтін бұл отандық телехикая, түрік пен корей туындыларын анық алмастыра алары дейді киногерлер.
Анаргүл Идрисова, режиссер:
-Сериалдың ерекшелігі, Қазақстанда болмаған формат. 120 серия, 70 минуттан деген оңай емес. Және де бұл жерде қозғалатын тақырыптардың көптілігі және маңыздылығы.
Сахан Әкелеев, актер:
-Өзінің түпкі мақсаты бар. 11.33 Қазақтың күнделікті тіршілігін көрсетіп, тәрбиелік мәні бар. Қалай жүру керек, қалай тұру керек, қандай болмау керек.
Жаңа маусымда көрерменге жол тартатын 120 бөлімнен тұратын драманың оқиға желісіне, қарапайым қазақ отбасыларының тыныс-тіршілігі негіз болған. Туындыны көрерменге тартымды етсек деп, оннан астам сценарист тер төгіпті. Ал, актерлік кастингтің қатаң талаптарынан Жұлдыз Өмірғали де қашып құтыла алмаған. Экс-кешьюлік аруға өз рөлін ойдағыдай алып шығуға, бастан өткерген өмірлік оқиғасы себеп болғандай.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
-Мен бүкіл басымнан өткен қайғылы жағдайлар, сондайларды есіме түсіріп барып, сол уақытта жасымды төге алатындай, жасымды камераға төге алатындай жеткізіп тырыстым. Әлі де ондай сценалар аз емес сияқты, бәрі де алда.
Кейіпкерімнің болашағы қандай болатыны өзгеден бұрын, мына өзіме қызық дейді Жұлдыз.
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
-Кейбір оқиғалар менің өз басымнан өткен. Сондықтан мен ойлаймын, Салтанат кішкене болса да маған ұқсайды деп.
Көзі қарақты көрермен болса, Жұлдыз бен Салтанаттың ұқсастығын жуық арада салыстыра алады. Телехикая қазан айында жарыққа шықпақ!