Тадашидың көйлектері сатылымға шыққанша, жұлдыздар өзге дизайнердің киімдерін місе тұтпақ. Венеция қызыл кілемінде әсем образдардың шеруі әлі де жалғасуда! Фестивалде тағы қандай жаңа картиналардың тұсауы кесілді? Тілшіміз тарқатсын.
Оскарға үміткер атанған «Ұшатын қанжарлар үйі» картинасының режиссері Чжан Имоу да Венеция фестиваліне қатысушылар қатарында. Қытайлық дарынды киногер, бұл жолы қазылар алқасынның назарына өзінің «Көлеңке» атты фильмін ұсынды.
Әйгілі режиссер жаңа кинотуындысында да әдеттегідей, ежелгі Қытай тақырыбынан бас тарта алмапты. Лента сюжеті бойынша, әрбір адамның өзімен бірге ұшып жүретін көлеңкесі болады. Сондай тылсым құбылыс, майданда жүріп қиындыққа тап болған жауынгерге көмектесуі тиіс.
Чжан Имоу, режиссер:
-Мен Қытайдың мәдениеті мен дәстүрін өз картиналарымда көрсеткім келеді. Бұл лента да, көпшіліктің оң бағасын алады деп үміттенемін.
Ал, фестивальдің жалғыз нәзік жанды үміткері Дженнифер Кент, ерлерге деген бар өкпе-назын жаңа картинасына сыйдырғандай. «Бұлбұл» лентасында ол, зорлықтың құрбаны атанған арудың, өш алу жолындағы бастан өткергенін суреттейді.
Дженнивер Кент, режиссер:
-Фильмде өзекті мәселе нақты көрсетіледі. Өз басым, туындымды мақтан тұтамын. Себебі онда, актерлер мен киногерлер ұжымы батылдықпен, бар шындықты баяндай білген.
Бұл күні, қызыл кілем төрінен италиялықтардың өздері де табылды. Күллі түсірілім тобын ерте келген режиссер Марио Мартоне, «Капри-Революция» фильмімен «Алтын арыстанды» алудан үмітті.