K-pop бағытының жұлдыздары BTS тобы, америкалық әнші Никки Минажбен дуэт орындап, ортақ бейнебаян таспалаған еді. Корейлік серілер енді, рэпер Дрейктен қалыспастан «кикки челендж» сынды, өз флешмобтарын да насихаттауға көшкен.
Дрейктің «In My Feelings» туындысының, күллі әлемді жаулаған челенджге айналғанына көп болмады. Корейлік BTS тобы да өздері шырқайтын «Idol» атты әнге флешмоб әдісін үйлестіріп көрген. Бойзбендтің Никкимен бірігіп орындаған трегіне, енді жанкүйерлері жаппай би билеуде.
BTS-тің жаңа бейнебаянында бой көрсеткен Никки Минаж, k-pop әлеміне жат еместігін өз образдарымен дәлелдеуге тырысқандай.