Әйгілі актер Бредли Купер кейбір қазақстандық киногерлердің тәжірибесін қайталап көрді. «Жұлдыз дүниеге келді» атты картинасын таспалаған актердің өзі, түсірілім барысында сценарист және режиссер ретінде бірнеше тізгінді өз қолына алған.
Кейт Бланшет, Ирина Шейк, Донателла Версаче, Спайк Ли... Қызыл кілемде сәл ғана төбе көрсетіп, Бредли Купердің «Жұлдыз дүниеге келді» картинасын тамашауға асыққан жұлдыздардың қарасы мол. Қанша дегенмен бұл, танымал актердің - режиссер ретіндегі тырнақалды туындысы еді.
Музыкалық лентада Купердің ғашығының образын сомдау Леди Гагаға бұйырған.
Леди Гага, әнші, актриса:
-Брэдлимен жұмыс істеу сондай кермет! Ол режиссер ретінде өзінің жұмысын ойдағыдай алып шықты.
Венеция фестивалінде тұсауы кесілген туындының тағы бірі – «Ең үздік» фильмі. Режиссер Йоргос Лантимос ұсынған лента, Англия патшайымы Аннаның өмірінен сыр шертеді. Тарихи картинада рөлін сәтті сомдаған Эмма Стоун, аталмыш кештің де жарқын кейіпкеріне айнала білді.
Эмма Стоун, актриса:
-Фильм арқылы өткенге саяхаттадым десем де болады. Лентада маған барлығы ұнады. Түсірілім алаңындағы ерекше атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес.
5-ші рет өткізіліп отырған Венеция фестивалінде де, әдеттегідей кино саласындағы әйел теңдігі тақырыбы қозғалмай қоймады. Айтулы шара ұйымдастырушылары да, бұдан былай әйелдер мен ерлер құқығының теңдей сақталуын қадамғалаймыз деп уәдесін берді.
Паоло Баратта, Венеция кинофестивалінің президенті:
-Мәселенің шешімін табамыз деп ойлаймын. Болашақта әйелдер таспалаған картиналардың саны көбейе түседі деп сенемін.