Ене мен келіннің текетіресін үлкен экраннан көргіңіз келе ме? Олай болса, мархаббат! Әсел Сәдуақасова продюсерлік еткен «Келін де адам ғой» картинасының екінші бөлі таспаланып жатыр. Бұл жолы түсірілім тобы қарапайым отбасындағы қандай құйтырқы әрекеттерді әшкерелемек?
Ене мен келін тақырыбы көпшіліктің көңілінен шықса керек. Шығармашылық ұжым аталмыш комедияның келесі бөлімін жарыққа шығаруды жөн деп шешкен.
Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:
-Бұл фильмнің жалғасын таспалауға көрерменнің ыстық ықыласы себеп болды. Әлеуметтік желіде жазылған пікірлердің басым бөлігі оң. Сондықтан, көпшіліктің ұсынысына бей-жай қарай алмадық.
Бұл комедияның елдің ықыласын иеленіп қана қоймай, киносыншылардың таңдауында топ жарғаны тағы бар. Мәселен, Данагүл Темірсұлтанова дәл осы фильмдегі ененің образы үшін, талай әріптестерін шаң қаптырған-ды!
Данагүл Темірсұлтанова, актриса:
-Жеңіске жеттім Құдайға шүкір. Өздеріңіз естігендей Қазақстанның киносыншылары мені «Үздік актриса» ретінде танып, менің номинациямды берді биыл.
Екінші бөлімде де актерлық құрам толығымен сақталған. Сценарий бойынша әулеттегі жас жұбайлар балалы болады. Кейіпкерлердің болмысынан да өзгерістер байқалады.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Ол кезде подполковник едім. Енді полковник болдық қой. Енді мен ойлаймын, одан да қатты қатал болатын шығармын деп. Отбасы болғаннан кейін, қазан-ошақ сылдырламай тұрмайды дейді ғой. Сондықтан да бәрбір ұрыс-керіс болса да, түбінде... Бақытты отбасының бірі болады.
Картинаның түсірілім жұмыстары үш аптаға созылады. Жаңа жылдық комедия желтоқсан айының соңында үлкен экранға жол тартпақ.