«Ауылдастар» телехикаясы көрерменімен қайта қауышпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ауылдастар» телехикаясының кейіпкерлері өз сүйіктілерін кездестіруде! Соған қарағанда, тойдың да ауылы алыс емес. Бұдан өзге, танымал телехикаяның үшінші маусымында біз күтпеген қандай қызықтар орын алмақ?

НТК арнасының әзілге толы ең қызықты телехикаясы, дәл осындай көтеріңкі көңіл-күйде түсірілуде. Туындынының жалғасын таспалауға халық өтініші негіз болды, дейді кингерлер. Бұл жолы, Айбек пен оның ауылдық достары ғашықтық шырмауына түскен Димаға, көмектесу үшін барын салмақ.

Дмитрий Қырықбаев, актер:

Бұл маусымда махаббат хикаясына тап боламын. Ғашығымды әкімшілікте кездестіремін. Арамызда шынайы сезім пайда бола алады ма? Оны көрермен уақыт келгенде біле жатар.

«Ауылдастардың» адал көрермендерін Қапаштың күйі де алаңдатып жатқаны айдан анық. Сондықтан да, арнаның сайтында жиі жазылатын «Қапаш қашан үйленеді?» деген сауалды достарына қойып көрдік.

Еділ Анарбай, актер:

Осы маусымда да әрине, Қапаш болады. Бірақ үйлену жағы әлі шешілмеген.

Шытырман оқиғалармен өрілген үшінші маусымның түсірілімі барысында, талай қызықтар мен қиындықтар орын алған екен. Алайда, кейіпкерлер кино үшін бәріне баруға дайын.

Еділ Анарбай, актер:

Мен өмірімде істемеген нәрсені осы ауылдастар телехикаясында істедім. Биікке ешқандай страховкасыз шықтым. Трюк жасадым.

Ал, НТК арнасының көрермендері Ауылдастардың үшінші маусымын қыркүйектің 17-сінен бастап тамашалай алады!