Kiki Challenge көш басында! Billboard чарты ең үздіктерді анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Kiki, do you love me?» Дәл осы сөздерді жаз маусымының ұранына айналдырған Дрейк, туындым өзгелерге ұнайды ма деп, бас қатырмақ емес. Ерекше флешмобтың себепкері атанған ән, Billboard чартының көшінен табылды.

Drake әр туындысын ерекше оқиғаға айналдыра білетін орындаушы. Мәселен, музыкант «Gods Plan» бейнебаянын таспалау үшін, 175 000 АҚШ долларын Маями тұрғындарына таратқан болатын. Енді, міне оның «In My Feelings» әні күллі әлемді жаулаған челленджге айналып отыр.

Хит әннің бейнебаяны жарық көрмес бұрын, Drake жанкүйерлерін аталмыш әуенге би билеп, видео түсіріп жіберуін сұраған еді. Туындыны тамашалай отырып, ерекше флешмобқа Dua Lipa, Dj Khaled, Will Smith-тің өзі қатысқанын байқауға болады. Ал, трек Billboard чартының бірінші орнын ешкімге берер емес.

***

Maroon 5 пен Cardi B де, танымалдардың көмегімен халықтың жүрегін жаулауға болатынын түсінгендей. Қос өнерпаз «Girls Like You» әнінің бейнебаянына әр салада жүрген жұлдыздарды шақырған болатын. Ал, тректің өзі тыңдалымы жағынан екінші орында.

***

J Balvin болса, латын музыкасына сай, әуезді әуендерінен әлі бас тартпақ емес. Оның Cardi B, Bad Bunny-мен орындаған «Маған бұл ұнайды» әні, өзгелерге де ұнап жатқандай. Ән, Billboard чартының үздік үштігін тұйықтауда.