Жеңісхан той жасаудан рекорд орнатуды көздеген сыңайлы. Қазақстанда ет-жақындарына дастархан жайып, үлкендердің батасын алған режиссер, енді жеке өміріндегі қуанышын шет елде жалғастырмақ. Жас жұбайларлардың бұл қадамына не түрткі болды?!
Жеңісхан болашақ жұбайымен 18 жасында танысыпты. Ұзақ жылдар бойы хат-хабарсыз кеткен жігіт, қалыңдығымен Америкада қайта жолыққан. Жүрегі ұғынысқан екі жас шаңырақ көтеруді жөн деп шешеді. Алғашқыда құдалық, кейін туыстардың ортасында тойлаған жас жұбайлар, енді қуанышты күндерін шет елде де атап өтпек екен.
Жеңісхан Момышев, әнші, режиссер:
Негізгі мақсат алдымыздағы тойымыз шет елде болады. +00:04:52 Шет елде әйелімнің, өзімнің достарым бар. Солардың бастарын бір қосу. Оларға Алматыға, Қазақстанға келе алмайды. Сол жақта тұратын да туысқандарым бар.
Таяуда Тюркис тобындағы дәл осы ару да ақ келін атанды. Далиданың сүйіктісі шоу-бизнес әлемінен емес. Жүздері бал-бұл жанған ғашықтар жуырда бал айына аттанбақ! Әнші қыз өмірлік серігімен әлеуметтік желі де танысыпты.
Далида Наукенова, «Turkiss» тобының әншісі:
Әлеуметтік желі кейбір адамдар үшін жағымсыз пікір жазатын алаңға айналса, мен ғаламтор арқылы махаббатымды жолықтырдым. Алғашқыда хат алмасып жүріп, 3 жылдан кейін кездестік. Міне, бүгін бір отбасыға айналдық.
Биыл отандық шоу-бизнестегі сұрбойдақтардың санын азайтуға Артур Төлепов те өзіндік үлесін қосты. Маусым айында отағасы атанған 27 жастағы серінің жұбайы Қарағанды өңірінің тумасы.
Артур Төлепов, әнші, актер:
Өнерге қатысы жоқ. Оқуды жақында бітірген. Есімі Мадина.
Сондай-ақ, осы жазда Бауыржан Сатовтың екінші мәрте шаңырақ көтергені ел есінде. Алғашқы жұбайы Мөлдірмен дәм-тұзы жараспаған актердың таңдауы бұл жолы жас әнші Альбина Шардароваға түскен еді.