Отандық телехикаяда Ninety One-мен бірге төбе көрсеткен Тамирис Жанғазинова, бүгінде мемберлерге бәсекелес болмақ. Әнші қыз кью-поп жанрында өнер көрсетіп, атын шығармақ ниетте.
Тамирис «әншілік мансабымды қолға аламын» деп құлшынып отыр. «Қағаз кеме» телехикаясынан кейін, музыкалық продюсерлер де оны шоу-бизнес көшіне қоспақ болды. Бірақ, олар өнерлі қызды кью-поп бағытындағы гелзбендтерге шақырған. Ал Томиристің арманы – өзін жеке әнші ретінде таныту.
Тамирис Жангазинова, әнші, актриса:
- Топта өнер көрсеткім келмейтіні, мен кіші кезімнен бастап өнерде жүрмін. Артымда қанша байқаулар бар, түсірілімдер бар. Менің ойымша, топқа кірсем барлық потенционалым ашылмайды деп ойлайым.
Тамирис кішкентайынан актрисалықпен қатар, әншілікті де алып жүр. Үш жасында «Мисс очаровашка» сұлулық сайысының бас жүлдесін жеңіп алып, «Айгөлек», «Жас қанат» сынды музыкалық байқауларда бағын сынап көрген.
Тамирис Жангазинова, әнші, актриса:
- Менің ән айту стилім, көбінесе поп болып келеді, попса. Әуендер шығарамын, текст барлығын өзім жасаймын. Менің ойымша, өнерде жүрген әр адам, иә мен өнер адамымын дегендер, өз әндерін өздері жазу керек.
Әнші қыз осы жазда ҰБТ атты үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, жоғарғы оқу орнының студенті атанды. Бір қызығы, шығармашылық жолында жүрген ару, маркетолог мамандығын таңдаған. Тамирис бұл қадамын, «жастайымнан өнердің қыр-сырына қанып өстім, енді өзге саланы да байқап көргім келеді», деп түсіндірді. Университетке дайындыққа қарамастан, өнерлі қыз алғашқы бейнебаянын да таспалап үлгерген.
Тамирис Жангазинова, әнші, актриса:
- Бейнебаянды өзімнің авторлық «Ою» деген әніме түсірдім. Егер мағынасы не деп айтсаңыздар, ол денеңдегі ою, яғни тату.
Ал бұл туындының жарық көруіне өнердегі достары жәрдемдесіпті. Томирис жақында жеке альбомын шығаруды да жоспарлап отыр.