«Орда» тобының тағдырына алаңдаған тыңдармандардың санында шек жоқ! Сахнаға сирек шығатын бойзбендті көпшілік тарады деп топшылап үлгерген. Десек те, жұрт арасында желдей ескен ақпараттың ақиқатын жігіттер айтуға әзір!
Серікқазы Аязбаев, журналист:
«Орда» тобы осыдан 3 жыл бұрын 15 жылдық мерейтойын атап өткен еді. Сол уақыттан бері көпшілікке көлемді концерт ұсынбапты. Тың тректер мен жаңа бейнебаяндар да жоқтың қасы. Шығармашылық үнсіздіктің себебі не?
Бүгінде бойзбенд мүшелері өз жобаларын танытумен қатар, жеке шығармашылыққа белсене кіріскендерін айтады.
«Орда» тобы:
Анда-санда осылай болып тұрған кезде, біз бір-бірімізді көріп қуанып, қалдарың қалай деп, әңгімені жіберіп дегендей... Демек, бұрынғы кезің есіңе түсіп, қуанышты бір жағдайда боласың және де осылай жалғасып тұрса екен деп тілейміз, әрине.
Иә, топты қайта жандандырмаса, «Орданың» болашағына қауіп төніп тұрғандай көрінеді. Көпшілік көзіне көп көрінбейтін ұжымның соңғы атқарған жұмыстарын да, жанкүйерлері естеріне түсіре алмады.
«Орда» тобы:
Ол «Алып кет» әні. Ең соңғы ән. Ол киноға саундтрек болып шықты ол.
«Орда» тобы тараған жоқ, бірақ жобаның жұмысы тоқтап тұр» - дейді жігіттер. Осы жылы 18 жасқа толған төрттік, 20 жылдықта ауқымды шоу өткізуге ниетті.
«Орда» тобы:
Жиырма жылдық болса, бұл жерде ойлануға болады. Үлкен бір себеп бар да. Сол уақытты біз өзіміз күтіп жүрміз. Жылдамырақ болса екен деп. Қалай қарайсыңдар камбэк жасасақ? Қуана-қуана қараймыз!