Жұлдыз болу оңай емес! Отандық шоу-бизнес өкілдерінің, өнер жолына ұмтылатын талантты жастарға өз айтары бар. Себебі, халық назарында жүрген актер, әнші болсын, танымалдылық тұғырына шығудың қиын екенін жақсы ұғынады. Өмірлік мамандық таңдау жайлы келесі сюжетте.
Әншілік пен актрисалықты қатар алып жүрген Алтынай Жолдыбаева, мектеп қабырғасында да жұлдыз болсам деп армандаған екен. Танымалдылық жолында, тынбай еңбек етуден шаршамайтын «Джейрандық» ару, мамандық таңдаудан қателеспедім, дейді.
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:
-Өнер жолы қиын жол өйткені, «неблагодардный» деп айтады ғой. Халық мысалы сынап жатады, көп нәрес айтып жатады, сол жағынан қиын. Бірақ, адам өз ісін қатты сүйетін болса, ол қиыншылықтарға мойынұсынбайды.
Ал, әнші Кентал, танымал болудың өз пайдасы да бар, дейді.
Кентал, әнші:
-ГАИ тоқтатқан кезде таныса жібереді. Кезекте тұрғанда без очереди жіберетін болады. Дүкенде скидка жасайды. Сынақтар көп болады, көз тиеді, ондайда бар. Сондықтан, біріншіден адамның мінезіне байланысты.
Шығармашылық жолын кішігірім вайн түсіруден бастаған Шәріп Серік болса, бүгінде бірнеше фильмдерде басты рөлді сомдап үлгерген. Мамандығым бойынша жұмыс істемесем де, жан дүниеме жақын істі таптым дейді актер. Ең бастысы, таңдаған кәсібіңіз – өміріңіздің мәніне айналуы қажет.
Шәріп Серік, актер:
-Әрине әрбір таңдаған мамандықтың, өз жағынан қиын болады. Ой мынау қиын екен, мынау оңай екен деп мамандық таңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жалпы адам өзінің қойған мақсатына «ей, не болса сол болсын» деп жүре берсе, әрине ешқандай жетістікке жетпейді.
Жұлдыздар да бұл сәтте қателеспеу қажеттігін шегелеп айтты!