Аспан асты елінде 21-ші Шанхай кинофестивалі өз мәресіне жетті. Негізгі байқауда 8 бірдей туынды бәсекеге түскен еді. Қара үзіп шыққан моңғол режиссеры Батбайяр Чогсомның, «Жұмақ қақпасынан тыс» картинасы «үздік фильм» атанып, «Алтын кубокті» қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, ерлер арасында Тай Шеридан есімді актер «үздік рөлді» иеленсе, Изабель Блэ «үздік әйелдің рөліне» арналған марапатты еншіледі. «үздік сценарий» жүлдесі қытайлық Аla Changso фильмінің авторларына бұйырса, «үздік режиссер» аталымын Родриго Барриусо мен Себастиан Барриузо «Аудармашы» лентасы үшін алды. Ал, Ресейлік Жанна Бекмамбетованың дебюттық «Чик-Чирик» туындысы, «үздік қысқаметражды анимациялық фильм» атанды.