Париж қаласында Cristian Dior брендінің, сән апталығы басталды. Фэшн-уикте алғашқы болып өзінің топтамасын ұсынған дизайнер – Ким Джонс, көрсетілім соңында неге қашып кетуге мәжбүр болды?
Cristian Dior бренді бұл жолы, алып конжықтың мүсінімен ерекшеленді. Ашық аспан астында, көрсетілім тамашалау үшін жиналғандар арасынан Белла Хадид, Наоми Кэмпбелл, Викторя Бекхэм, Роберт Паттинсон және Рита Ора сынды танымалдар болды.
Алғашқы болып топтамасын ұсынған дизайнер – Ким Джонстың жаңа киім үлгілері, тек классика стилінде дайындалған. Ерлерге арналған жазғы костюм мен шолақ шалбар, келген қонақтардың көңілінен шыққандай.
Көрсетілімді 18 жасарлық Дат ханзадасы Николай бастады. Бұл жас модельдің екінші рет сахнаға көтерілуі. Ол, Лондонда өткен Burberry фэнш-шоуда алғаш сән әлеміне қадам басқан.