Осыдан бірнеше күн бұрын Ырза Тұрсынзада есімді қолөнерші, БАҚ өкілдерінің басын қосып, Қыдырәлі мен Қарақатты айыптаған еді. Ол баспасөз-мәжілісінде ғимаратынан айырылғанын және жұлдызды жұптан жәбір көргенін айтқан. Алайда, Болмановтың өз ақиқаты бар!
Ырза Тұрсынзада Астанадағы даулы ғимаратты 2009-шы жылдан бері жалға алып келеді екен. Жақында іс-сапарға кеткен қолөнер шебері, әлдебіреулер коттедждің есігін бұзғанын айтады. Кейін бұл іске Болмановтың қатысы барын естиді. Шарасыз қалған сәнгерге танымал блогер Ғалым Байтүк қолдау көрсетуде.
Ғалым Байтүк, блогер:
-Ырза Тұрсынқызы құрған «Алтын-орда» қолөнершілер академиясының мақсаты, салт-дүрлер мен мәдниетті насихаттау. Бұл кісі қаладағы жұмыссыз халық пен ауыл тұрғындарын қолөнерге баулиды. Орталықтан тәлім алғандар, жанұясын асырап отыр. Осы ғимаратты ешбір еркертусіз, Қыдырәлі мен Қарақат тартып алған.
Ырза Тұрсынзада, қолөнерші:
-Айтпақшы, сол ғимаратта отырғанымды Қарақат та, Қыдырәлі де біледі. Олар сол жерге келіп қанша фотосессиясын жасады. Сол жерден келіп Қарақат қаншама дүние алды. Рас, солай болды!
Осы орайда Болмановқа хабарласып, істің мән-жайын сұрап көрген едік. Алайда Қыдырәлі Тұрсынзаданың сөзін жоққа шығарды.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
-Ол кісінің айтуынша мен болған екенмін сол жерде, иә?! Аталмыш ғимаратты аттап басып, көрген емеспін. Ол жерде онымен кездескен емеспін, Алла куә! Құран ұстап, ант бере аламын.
Қыдырәлінің сөзінше, аталмыш коттедж мемлекеттің меншігінде. Орталықтың есігін бұзаған сот орындаушылары екен. Өйткені, қолөнер шебері біраз уақыт бойы қарызын төлемей, хабарсыз кеткен. Ал, Болманов, әкімшіліктен әлеуметтік мектеп ашу мақсатында ғимарат сұраған. Бірақ, бірнеше мекеменің ішінде қауіпсіз аймақ деп танылған, дәл сол Ырза ханым отырған орын таңдалыпты. Дизайнердің жұмыстағы шикілігін Қыдырәліге заңгерлер хабарлаған.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
-Сосын ол жерде кімнің ғимараты екенінде, біздің шаруамыз болған жоқ. Біреулер заңсыз кіріп алған екен. Біз оларды шығарамыз деген хаттар келіп тұр. Бізге емес, заңгерге! Мұнымен тікелей айналысқан заңгер!
Ал, жұлдызды жұптан көңілі қалған Тұрсынзада, бұл іске Қарақатты кінәлайды.
Ырза Тұрсынзада, қолөнерші:
-Қарақат жаным, саған айтатыным, сенің аудиохатыңды оқуға жүрегім айниды. Сенің бетің жылтыр, бірақ сол беттің астында тұрған арың, жамауға келмейтін жыртылған ар екен. Саған айтатыным сол Қарақат!
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:
-Қарақат ешқашан, ештеңемен артық айналысқан емес. Ол балаларына қарайды. Оның бес баласы бар. Менімен қосқанда алты баласы бар. Оның бір ғимаратпен айналысуға, біріншіден уақыты да жоқ. Екіншіден ол заңгер емес, ондай нәрсеге ешқашан араласпайды. Қазақ тілінде айтқанда ол – әйел!
Бұл дауға әлі де нүкте қойылмақ емес. БАҚ өкілдерінің басын қосуға бекінген Болманов, ертең Елордада баспасөз-мәслихатын өткізіп, барша жұртқа болған жайды бүкпесіз баяндап бермек.