Жұлдыздардың көкке арнайы таңдаған образдары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнес өкілдері, күні кеше «Esquire пикникте» бас қосты. Бұл музыканы, түрлі сауық пен дәмді тағамды жақсы көретіндер үшін таптырмас алаң. Алатау баурайында жиналған жұлдыздар, көкке шығу үшін қаншалықты дайындалады? Тілшіміз сұрастырып көрді.

Көкке шығып, таза ауада дем алуды қош көретін өнер өкілдері, аталмыш шараға көптеп жиналды. Кешігуді сүйметін актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, алғашқы конақтардың легімен келген. Біраз уақыт өнерден шеттеп қалған арудың, бұл сауыққа арнайы дайындалуға мүмкіндігі болмапты.

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

-Мен қолыма түскен киімді кие салдым. Өзіме ыңғайлы образда келдім. Look таңдауға уақытты құртпауға тырысамын.

Өзі сомдаған әйелдердің образына Нұртас Адамбай қанша талапшыл болса да, күнделікті киіміне келгенде аса талғампаз емес екен.

Нұртас Адамбай, режиссёр:

-Менің ойымша, көкке ыңғайлы киім кисең болды. Мен өзімді гардеробқа аса көңіл бөлетіндер қатарына жатқызбаймын.

Табиғат аясында тыныстап жүргендер қатарынан, «Патруль» телехикаясының жұлдызы Мейірхан Шерниязов та табылды. Актер, ортаға сай әрі сәнді киінуге тырысатындардың бірі.

Мейірхан Шерниязов, актер:

-Қазақтар пикникке тек осылай дайындалады. Киімді мен өзім таңдаймын көбінесе. Кейде келіншегім екеуміз таңдаймыз. Кейде, тіпті, мен келіншегіме таңдауға да көмектесем. Өз ойымды айтып тұрам.

Вайнер Біржан Әшім болса, киім таңдауда өзгенің көмегіне жүгінеді. Ол гардероб мәселесінде, құрбысы Таваттың кеңестеріне құлақ асып үйренген.

Біржан Ашім, вайнер:

-Маған Тават әрдайым айтады, барған жерде образын сәйкес болуы қажет деп. Мені киіндіретін де сол Тават. Ал, мен киім таңдауға мүлдем жоқпын. Спортқа арналған киіміммен барлық жерде жүре беремін.

Ал, табиғат аясында әсем әуен тыңдап тыныққан жұлдыздардың бас қосуы, кеш батқанға дейін созылды.