Нағыз бақыт деген осы шығар, сірә! Бірақ, соңғы екі жылда Дәурен мен Ақбота жайлы не айтылмады десеңізші..? Ең бастысы, күйзеліске толы шақтары өткен күннің еншісінде қалды. Жуырда ғана заңды түрде некелескен жұлдызды жұппен, Серікқазы Аязбаев жүздесіп қайтқан еді. Айта кетейік, бұл олардың ерлі-зайыпты атанғалы бергі алғашқы сұхбаты.
Дәл қазір Дәурен мен Ақбота өздерін жаһандағы ең бақытты жандардың қатарына қосып қойған. Өйткені, түрлі қиындықты бастан кешкен жұп, заңды түрде некесін қидырды. Ал, шаңырақ көтеру жайлы ұсыныс Айдарқұловтың тарапынан түскен.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Негізі Дәурен бұрыннан ұсыныс тастайтын. Мен енді шамалы еркелеп, қырсықтанып, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Енді, ортақ баламыз болған соң, елге күлкі болмайық дедік те, екеумізде осы шешімге бел будық.
Бүгінде ұлдары Ибраһим толыққанды отбасында өсіп келеді. Айдарқұловтың атұстары, ата-анасының жолын қууы мүмкін.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Қазіргі таңда Ибраһим Аллаға шүкір бір жасқа толды. 10 айлығынан бастап жүріп кетті. Өте ақылды бала. Қазіргі балалардың барлығы ақылды ғой. Сөйлейді. Өнер адамы болады-ау деп қоямыз. Өйткені, қашан көрсең билейді. Ән айтады да жүреді. Біз не айтамыз, соны қайталайды да жүреді.
Дәурен мен Ақбота тұңғыштары Ибраһимнің ізін басар, іні-қарындастарының көбейгенін қалайды. Перзенттер санын жетеуге жеткізуді жоспарлап жүрген ерлі-зайыптылар, енді ел демографиясының дамуына үлес қоссақ деген ниетте.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Кішкентай кезімде бір баланы армандайтынмын. Сөйтіп уақыт өте келе Ибраһим дүниеге келген соң, 4-5 бала болғанын қаладым.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
-Неғұрлым қуаныштарымыз көп болса жанұямызда, соғұрлым мен де қуанамын. Ақбота да қуанады деп ойлаймын. Бір сұхбатында Ақбота... Бесеу дедің сен, иә?.. Мен ойладым, қалай ол бесеу? Жетеу деп келіскен жоқпыз ба деп алдында.
Айта кетейік, Айдарқұловтың алғашқы некесінен қос қызы мен бір ұлы бар!