Актер Крис Прэттың футбол тамашалауға уақыты жоқ. Сері бақытын іздеудің қамында! Ол, Арнольд Шварценеггердің үлкен қызы - Кэтриннің жүрегін қалай да жаулап алуды ойлап жүр. Голливуд, тағы бір жұлдызды жұппен толықпақ па?
Актер Крис Прэтт экс-жұбайынан ажырасқалы бері, ең таңдаулы күйеу жігіттер қатарына кірген еді. Алайда, танымал жұлдыздың жүрегі тағы да бос емес. Оның, Арнольд Шваценеггердің үлкен қызы – Кэтринмен көңіл қосқаны жайлы сөз болуда. Бұл 28 жастағы арудың дизайнерлікпен айналысатыны бар екен. Арнидің тұңғышы, осылайша Крис серінің көңілінен толықтай шыққандай.
***
Голливудтағы танымалдардың бірі - Натали Портман вегетариандықты ұстанатын жандарға ой салғысы келеді. Актриса, Лос-Анджелес қаласында өзінің «Ет» атты картинасының тұсауын кесті. Өнер иесі, бұл туындысы арқылы, етке құмар емес адамдарға, оның ағза үшін маңыздылығын жеткізуге тырысқан. Сонымен қатар, Натали бикеш бұл лентаның продюсері.
***
Ева Лонгория болса тұңғыш рет ана атанды. Актриса 43 жасқа толған шағында, дүниеге шекесі торсықтай ұл алып келді. Жұлдыз, сәбиіне Сантьяго Энрике есімін берген екен. Күні кеше босанған бикештің, қазіргі таңдағы қал-жағдайының жақсы екен, жанкүйерлерін де қуантты!