Кайли Дженнер қызының суретін көрсетуден бас тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер болса, жүлдесіз де танымал. Сәнбикенің жеке өмірі мен кішкентай қызы - Сторми, әрқашан жұрт назарында. Сылқым енді, бөбегінің суретін мүлдем көрсетпеуге шешім қабылдаған. Бұған не себеп?

Кардашьяндар әулетінің мүшесі - Кайли Дженнер ана атанғалы, бөбегінің әрбір суретімен үзбей бөлісіп отыратын. Енді, оның табынушылары, кішкентай ханшайымның фотосын көру мүмкіндіктерінен айрылды. Себебі, голливудтық танымал, енді қызын ел назарынан тыс ұстамақ. Қаршадай бүлдіршініме көз тиеді деп қорыққан жұлдыз, осындай шешімге келіпті.

***

Ал, ресейлік әнші Полина Гагарина драммаға толы «Выше головы» атты әніне бейнебаян ұсынды. 31 жастағы өнер иесінің тың видеосында, қос ғашықтың қарым-қатынасы суреттелген. Туындыға танымал клипмейкер - Алан Бадоев режиссерлық етіпті. Тыңдармандарына жүрек тебірентерлік трек сыйлаған Полина, тек жағымды пікірлердің астында қалды.

 

***

Дэвид Бекхэм мен жұбайы Виктория, голливудтағы ең үздік жанұяның біріне айналған. Төрт бала тәрбилеп отырған ерлізайыптылардың, соңғы кездері қарым-қатынастары жиі талқылануда. Тіпті, жұлдызды жұптың ажырасуы ықтимал деген қауесет те тараған. Алайда, Бекхэмдер әулеті жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдеріне сене бермеуге шақырды.