«Newton» тобының серілері қазіргі таңда, тек музыкамен шектеліп қана қоймай, кино әлеміне де бет бұрды. Қазақ кью-попын насихаттап жүрген өнерпаздар, енді актер ретінде бақтарын сынауда. Өйткені, бойзбензд болашақта, «91» тобы сынды, өздері жайлы фильм таспаламақ көрінеді.
«Ньютондық» серілер де, енді өздерін үлкен кинодан көруді қалайды. Жігіттер бұл үшін тыңбай еңбек етуде. Әзірше, оларға Бүркіт таспалап жатқан «Тілек тіле» атты жаңа картинасының, бір эпизодында ойнау бұйырған.
Q-pop субмәдениетінің өкілдері, бұған дейін «Зор» фильмінде де өздерінің бағын сынап көрген екен. Жігіттер, кино саласында тәжірбие жинаудың оңайға соқпасын түсінеді. Басты мақсаттары - бойзбендтің шығармашылық жолға келуі туралы толықметрлі туынды түсіру.
«Newton» тобы:
-Біздер байқағаныңыздай киноға түсіп жатырмыз. Оның бәрі босқа емес. Алдағы уақытта сіздерді үлкен қызық күтеді. Жоспарымызда бар.
«Ninety Onе» тобының ізімен, өздері жайлы картина таспалауды қалайтын «Ньютондықтарға» талай сын тағылары анық. Алайда жігіттер, бұған да төтеп беруге дайынбыз дейді.
«Newton» тобы:
-Бізге сын болса, бізге жақсы. Өйткені, сындардың арқасында өз-өзімізге күш жинаймыз. Қазақта мақал бар, «жігітке жеті өнерде аз» деген. Біздер әнші бола тұра біздер бишіміз, өзімізді шоумен деп айта аламыз.
Актерлыққа да бет бұрған «Newton» ұжымы, тыңдармандарын жаңа әндерімен қуантуды да ұмыт қалдырмауға уәде берді.