Қайраттың да әр ісі халық назарында және әрбір әні хит. Ал, әншінің телеарналарға сұхбат беру сәтіндегі қызықтары, өз алдына бір хикая. Нұртастың ұлы бұл жолы өмір де, өнер де достыққа адал екенін, ісімен дәлелдегісі келген сыңайлы. Көрейік!
Әр күнгі жоспары түрлі мерекелік кештер мен жиындардан тұратын Қайрат, отбасындағы қуанышты да қалт жібермейді. Әріптестерінің басын қосып, ақ дастархан жайған әнші, Ринат Баситовқа деген достығының дәрежесі биіктігін, камера алдында да еш қымсынбай көрсете білді.
Ринат Баситов, «Азия» тобының әншісі:
-Көп қой ағалар! Жинайтын адамдар көп.
Ал, Нұрлан Еспанов сүйсінтіп сұхбат берсе де, үнемі қолайсыз жәйтқа ілігеді.
Нұрлан Еспанов, әнші:
-Ондай нәрселер... Ойй, Ұлық-айй
Бұл жолы ақ көңіл әншіге, Ұлықпан Жолдасов бірнеше рет кедергі келтірді.
Нұрлан Еспанов, әнші:
-Кей кезде енді...Ұлықаңды шығармай ұстап тұрыңдар ана жақта!
Келесі кезек отандық актрисаларда. Кейде олар үшін сұхбаттан гөрі, сэлфи маңыздырақ!
Айнұр Ілиясова, актриса:
-Бұл киноны жақсы немесе жаман деп айтуға болмайды. Себебі, мен түстім...
Жалпы, актрисалар қауымы эмоцияға берілгіш келеді. Төреғалидың кино түсіретінін естіген Анар Батырхан, түсірілім алаңына шақырмаған досына, сәл-пәл ренжіп қалған сыңайлы.
Анар Батырхан, актриса:
-Төреғали неге мені шақырмайсың? Қазір звондайыншы. Блат қой бәрі блат!
Бұл «кадрдан тыс» айдары! Жұлдыздардың шынайы бет-бейнесі көңіліңізден шықса, алдағы аптада тағы да көрсетеміз!