FPA премиясында, Ольга Бузоваға неге қошемет көрсетілмеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Ольга Бузованың бейнебаяндарындағы сан-алуан образдары, көпшіліктің көңілінен шыққан секілді. Әншіні кезекті «Fashion People Awards» премиясы, «Жыл стилі» номинациясында марапаттады. Бірақ, кеш барысында актрисаға ешкім қол соқпаған..

Ресейде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін – «Fashion People Awards» осымен 9-шы рет болып отыр. Көрші елдің өнер жұлдыздары 18 түрлі номинация бойынша, өзара кіл мықтыларды анықтады.

«Жыл әні» аталымы бойынша «Свет настроения синий» туындысымен Филип Киркоров үздік шықты.

Айтулы марпатқа, көптен бері дайындалған Анна Седакова да, сыйлықсыз қайтпады. Әншінің «Не твоя вина» трегіне таспаланған клипі «жыл бейнебаяны» атанды.

Сонымен қатар, «фэшн рок» аталымы - әнші Диана Арбенинаға бұйырса, Ани Лорок «жылы концерті», Зара болса, «жыл фестивалі» жүлдесін еншіледі.

Айтулы салтанаттың басты меймандарының бірі - Ольга Бузова, әдетінше өз образымен көзгі түскісі келгендей. Әнші кезекті көйлегін де ұқыптап таңдапты. Алайда, «Жыл Стилі» марапатын иеленген өнер иесінің, айтқан сөзідері көпшілік қауымның құлағына жақпаған сыңайлы.